Парламент техникалық кәсіптік білім беруді жаңғыртуға бағытталған заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент техникалық кәсіптік білім беруді жаңғыртуға бағытталған заңды қабылдады

Парламент техникалық кәсіптік білім беруді жаңғыртуға бағытталған заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

  • 9 Маусым 2011
  • 428
Фото - Caravan.kz

Банк пен Қазақстан Үкіметі арасындағы қарыз туралы келісімге 2010 жылы 24 қарашада Астана қаласында қол қойылған. Келісім шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасының іс-шараларын іске асыру арқылы еліміздің осы бағыттағы білім беру нысандарын жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыру көзделеді. Құжат бойынша баяндама жасаған Білім және министрі Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, аталмыш жоба 3 құралыштан тұрады. Оның біріншісі, 147 мамандық бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеу және техникалық-кәсіптік білім беруді бағалау. Екіншіден басқару мен қаржыландыруды жаңғырту шаралары көзделеді. Үшіншіден, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық базасын нығайту үшін 350 мың доллар шамасында 68 гранд бөлу қарастырылған.

«Жалпы жобаны жүзеге асыру үшін 33,2 млн. АҚШ доллары, яғни 4,9 млрд. теңге көзделген. Оның ішінде сыртқы қаржы есебінен 29 млн. доллар, ал республика бюджетінен 4,2 млн. доллар қарастырылған. Жоба 3 жыл бойы жүзеге асырылып, ал қарызды өтеу мерзімі 15 жыл болса, оның алғашқы 4 жылы жеңілдік кезеңі ретінде белгіленген»,-деді Б. Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар