Парламент ТМД елдері арасында құпия хат-хабар жолдауға негіз болатын келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент ТМД елдері арасында құпия хат-хабар жолдауға негіз болатын келісімді бекітті

Парламент ТМД елдері арасында құпия хат-хабар жолдауға негіз болатын келісімді бекітті

Бүгін, 15-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Арнаулы байланыс желісімен жіберілген жолдаулармен мемлекетаралық алмасу туралы келісімді, 1993-жылғы 23-желтоқсандағы аталмыш келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттама мен соған байланысты бекітілген арнаулы жолдамалармен мемлекетаралық алмастық тәртіптерін" бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 15 Маусым 2004
  • 552
Фото - Caravan.kz

Келісімнің басты мақсаты — ТМД елдері арасында құпия хат-хабарларды, бағалы сәлемдемелерді, ішінде технологиялық және коммерциялық құпияға жататын жолдаулары бар орама-сауқаттарды жіберуді жүзеге асыру болып табылады.

Келісімге ТМД-ға қатысушы елдердің үкімет басшылары 1993-жылдың 23-желтоқсанында Ашхабадта қол қойған. Ал келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаға 2001-жылдың 16-наурызында ТМД елдері экономикалық кеңесінің Мәскеуде өткен отырысында қол қойылды.
Келісімді бекіту туралы заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.