Парламент ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны бекітті

Парламент ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны бекітті

АСТАНА. 24-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны бекіту жөніндегі" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Мамыр 2007
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Бұл конвенцияға бірігудің орынды болатын себебі, қазір ТМД аясында демократиялық сайлаулар өткізу, саяси партиялардың сайлауларға қатысу жайы, сайлау туралы ақпараттар тарату мен оларға халықаралық бақылау жасау, сайлау құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, негізгі стандарттары бар біртұтас халықаралық құқықтық құжат жоқ»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Конвенцияға 2002-жылдың 7-қазанында Кишинев қаласында қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті