Парламент тұрғын үй қатынасы мәселелері жөніндегі заңдарға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент тұрғын үй қатынасы мәселелері жөніндегі заңдарға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдады

Парламент тұрғын үй қатынасы мәселелері жөніндегі заңдарға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдады

Мәжіліс бүгін пленарлы отырысында "Тұрғын үй қатынасы мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі хабарлады.

  • 29 Маусым 2011
  • 725
Фото - Caravan.kz

Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Бұрын хабарлағандай, сенаторлар Азаматтық іс жүргізу кодексіне бір түзету енгізуді ұсынған болатын. Сонымиен қатар, нақтылау сипатындағы түзетулер енгізілген.
Құжаттың негізгі мақсаты мемлекеттік тұрғын үй қорының коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындар тұрғын үй қорына және мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына шектеулерге қатысты заңдарды жетілдіру болып табылады.
Құжатта мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөліп беру шарттары мен тәртібі, сондай-ақ тұрғын үйлерді жекешелендіру және азаматтарды апатты үйлерден көшіру тәртібі нақтыланады.
«Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында заң жобасы жас мөлшеріне қарамастан баспананы қажет ететіндер ретінде оларды есептен шығармауды көздейді», — деп бұдан бұрын Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ісі жөніндегі мемлекеттік агенттік төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлімдеді.
Қазір қолданыстағы заңдарға сәйкес, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар 23 жасқа толғанға дейін ғана баспана алу құқығына ие.

Соңғы жаңалықтар