Жарияланды: 420

Парламент Түркиямен стратегиялық әріптестік жөніндегі келісімді ратификациялады

Сенат депутаттары палатаның бейсенбідегі отырысында Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімшартты ратификациялау жөніндегі заңды мақұлдады. Бұл туралы бейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісі хабарлады.

Енді құжат мемлекет басшысының қол қоюына беріледі. Келісімшартқа 2009 жылы қазан айында Анкарада қол қойылған болатын. Құжат екі ел арасындағы саяси, экономикалық, қорғаныс, мәдениет, ғылым-білім салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін