Парламент Үкіметтің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін құзыретін қайта қарауға арналған заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Үкіметтің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін құзыретін қайта қарауға арналған заңды қабылдады

Парламент Үкіметтің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін құзыретін қайта қарауға арналған заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылады.

  • 9 Маусым 2011
  • 393
Фото - Caravan.kz

Ұсыныстарға келісім білдірген Сенат заңды тұтастай қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы Мемлекет басшысының Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың құзыреттерін айқындау жөніндегі өкілеттіктерін шектеуді жою мақсатында әзірленген. Сонымен бірге, құжат қолданыстағы заңнамаларды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген түзетулерге сәйкес келтіруді қарастырады. Атап айтқанда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға сәйкес мемлекеттік органдарға кейбір нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылдауға тыйым салынады. Қазіргі уақытта «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның жоғарыда аталған талаптарына қарамастан, кейбір заңдарда көрсетілген актілерді бекіту бойынша уәкілетті органдардың құзыреттері бар. Бұдан басқа «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 37-1-бабының жаңа редакциясы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін актілердің (заңдар, Үкімет қаулылары) тізбесін шектейді. Сонымен қатар аталған заң жобасымен Мемлекет басшысының Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың құзыреттерін айқындау жөніндегі өкілеттіктерін шектеуді жоятын түзетулер енгізіледі.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар