Парламент Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы заңға енгізілген түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы заңға енгізілген түзетулерді қабылдады

Парламент Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы заңға енгізілген түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы" заңға өзгертулер енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 1 Наурыз 2007
  • 450
Фото - Caravan.kz

Түзетулер Бюджеттік кодекстің қабылдануына байланысты енгізіліп отыр.

Бюджеттік кодекстің 15-бабына сәйкес мемлекеттік мұрағаттың ақылы негізде көрсетілетін нақты қызмет және жұмыс түрлері белгіленген.

Сонымен қатар, қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік мұрағаттың ақылы негіздегі қызмет көрсетуі басқа нормативтік-құқықтық құжаттармен, атап айтқанда үкімет қаулылары, министрлердің бұйрықтары негізінде белгіленіп келген болатын.

«Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы» заңға өзгертулер енгізу туралы» заң президенттің қол қоюына жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті