Парламент ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін, 29 - маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Маусым 2005
  • 509
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенаторлар заң жобасының нормаларын толықтыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді. Мәселен, сенаттың заң шығару және құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, «Қылмыстық кодекстің 41-бабына қосымшада экстремистік сипаттағы барлық қылмыс түрлері толық ескерілмеген».
Аталмыш кемшіліктің орнын толықтыру үшін қосымшаға ҚР Қылмыстық Кодексінің баптарында ескерілген «Экстремизм немесе лаңкестік іс-әрекеттерді қаржыландыру» және «Экстремистік іс-әрекет жүргізуге байланысты соттың шешімімен жұмысына тыйым салынған немесе біржола жабылған қоғамдық немесе діни бірлестік немесе ұйымның іс-қызметін қайтадан ұйымдастыру» сынды қылмыстарды қосу ұсынылды.
Сонымен бірге сенаторлар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша жаза ретінде жеке кәсіпкердің іс-қызметіне тыйым салу немесе уақытша тоқтату туралы түзетуді алып тастауды ұсынды. Комитет қорытындысында атап көрсетілгеніндей, мұндай түзетуді қабылдауға болмайды, өйткені, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес жеке кәсіпкердің іс-қызметіне тыйым салу немесе уақытша тоқтату — әкімшілік жаза болып саналады. Сенат түзетулерінің салыстырам кестесіне 19 позиция енгізілді.
Бүгінгі жалпы отырыста мәжіліс депутаты Тоқтархан Нұрахметов: «сенаттың түзетулері жобаның тұжырымдамасын да, мазмұнын да өзгертпейді. Принциптік дау-дамай туындаған жоқ. Түзетулер заңның сапасын арттыра түседі деп айта алмаймын, бірақ олар заңды нашарлатпайды да»,- деп атап көрсетті.
Заңға сәйкес Азаматтық-процессуалдық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекс, Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге, «БАҚ туралы» заңға, «Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Шұғыл іздестіру іс-қызметі туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және басқа да заңдарға түзетулер енгізіледі.
Бұл заңның көмегімен азаматтарды экстремистік іс-әрекеттері, экстремистік немесе лаңкестік іс-қызметті қаржыландырғаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылған. Құжатта шетел азаматтарының Қазақстандағы саяси партияларды қаржыландырғаны және сайлауда саяси партиялар мен үміткерлердің ат ұсынуына және сайлануына түрткі болатын әрекеттері үшін жүктейтін жауапкершілігі реттеледі.
Заңға діни топтарды міндетті түрде тіркеу туралы ереже мен шетелдік дін таратушылардың іс-қызметін реттеуге қатысты түзетулер енгізілген.
Сонымен бірге заңда мемлекеттік тілдегі хабарларды тәулік бойына біркелкі тарату тәртібі қарастырылған. Сонымен бірге заңда қазақстандық БАҚ-тардың редакцияларын шетел азаматтарының басқаруына тыйым салынған.

Перейти к новостям спорта