Парламент Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы заңды қабылдады

Парламент Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 2-қараша . Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 2 Қараша 2006
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Заңда 2007 жылы — 301 716 млн. теңге, 2008-жылы — 341 431 млн. теңге, 2009-жылы — 337 027 млн. теңге көлемінде кепілді трансферттерді бөлу межеленген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы қабылдануға байланысты жасалған. Тұжырымдамаға сәйкес, Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансферттер тек даму бюджетін қаржыландыруға жұмсалады.

«Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы» заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта