Парламент "Зейнетақы қамтамасыздығы туралы" заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Зейнетақы қамтамасыздығы туралы" заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Парламент "Зейнетақы қамтамасыздығы туралы" заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 2-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар ""Зейнетақы қамтамасыздығы туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Маусым 2005
  • 660
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, енгізілетін өзгерістердің басты мәні — мемлекет басшысының жолдауына байланысты «мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі» атты жаңа ұғымның енгізілуіне байланысты. 2005-жылдың 1-шілдесінен бастап зейнет жасына жеткендерге 3 мың теңге мөлшерінде зейнетақы қосылады.

Сонымен бірге заң жобасына зейнетақы жинақтау жүйесін жетілдіруге, соның ішінде зейнетақы активтерін басқару және салымшылар құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған нормалар енгізілді. Ал инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын компаниялар мен зейнетақы активтерін өз бетімен басқарушы зейнетақы жинақтаушы қорлар белгілі бір кіріс деңгейін қамтамасыз етуі тиіс екенін заңдастырған норма енгізілді.
Зейнетақы жинақтау жүйесінің барлық салымшылары туралы біртұтас мәліметтер қорын құру үшін Мемлекеттік зейнетақы төлемдері орталығының негізінде біртұтас есеп орталығы құрылмақшы.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Перейти к новостям спорта