Парламент зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға енгізілетін толықтыруларды мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 508.91
  • 594.36
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға енгізілетін толықтыруларды мақұлдады

Парламент зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға енгізілетін толықтыруларды мақұлдады

АСТАНА. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңға толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 8 Ақпан 2007
  • 414
Фото - Caravan.kz

Түзетулер ел президентінің, судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдемелерін күшейту мақсатындағы соттардың IV сьезінде жасаған баяндамасында көрсетілген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін енгізілуде.

Заңға сәйкес, судьялардың зейнетақы қорларына айлық табыстарының 10% көлемінде республикалық бюджеттің есебінен қосымша міндетті зейнетақылық жарна белгілеу қарастырылған.

«Бұл заң жобаны жүзеге асыру шығындары 2007-жылдың бюджетінде қарастырылған»,-деген болатын осы заң жобаға қатысты қосымша баяндама жасаған мәжіліс депутаты Оңалбай Аяшев.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті