Жарияланды: 540

Парламент жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң жобасын қабылдады

Парламент жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң жобасын қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер қаралды.

Палата депутаттары сенаторлар енгізген ұсыныстарға келісімін беріп, құжатты қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, заң жобасының мақсаты - жеке басты куәландыратын құжатты рәсімдеу, беру, ауыстыру, өткізу, алып қою және жою талаптарын белгілеу. Құжат еліміздегі жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негізін айқындауды көздейді. Сонымен қатар, заң жобасында жеке басты куәландыратын сипаттағы құжатқа анықтама бірегейлендіріледі. Бұдан бөлек, жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің тұтастай тізбелері анықталады. Құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті айқындалады. Атап айтқанда, заң жобасы бойынша азаматтық құқықтық келісімдерді жасайтын Қазақстан азаматының төлқұжаты мен жеке куә­лігі, шетелдіктің тұруға құқық бе­ретін және республикада тұрақты тұ­ратын азаматтығы жоқ азаматтың же­ке куәлігі, шетелдік азаматтың шекаралық төлқұжаты секілді құжат­тар­дың тізімі айқындалып отыр. Еліміздің құ­зыр­лы орындары берген бұл құ­жаттар мемлекеттің меншігі болып заң жүзінде бекітілмек. Сонымен қатар, оларды беру жә­не жарамсыз деп танудың негіздері дәйектелген. Сенатта талқылау барысында заң жобасына 9 өзгеріс енгізілген. Олардың басым бөлігі редакциялық нақтылау сипатында болып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін