Парламент жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

Парламент жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

ҚР парламенті сенатының депутаттары бейсенбі күні пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңы бойынша түсініспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісу комиссиясының отырыстарын мақұлдады. Осылайша, регламентке сәйкес, заң қабылданды деп есептеледі және қол қою үшін мемлекет басшысына жолданады.

  • 16 Маусым 2011
  • 517
Фото - Caravan.kz

Бұрын хабарланғандай, заң елді мекендердің дамуын, жоспарланған инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, стратегиялық нысандарды, қорғаныс және қауіпсіздік нысандарын орналастыруды, айрықша қорғалатын табиғи аумақтар құруды, пайдалы қазбалар кен орындарын игеруді қамтамасыз ету үшін жерлерді резервтеуге байланысты қатынастарды регламенттейтін түзетумен толықтырылды.

Түзетулер жер кодексінің нормаларын қолданыстағы құқыққа сәйкестендіруге бағытталған.

Сондай-ақ, заң «нарықтық тетіктерді ескеріп, елді мекендердің аумақтарын бағалауда жерді аймақтарға бөлу мәселелерін реттеуді» қарастырады.

Жер телімдерін жеке меншікке беру кезінде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу мәселелері жергілікті өкілеттік және атқарушы органдардың құзырына берілді.

Бұдан басқа, жер телімдеріне салынған нысандар пайдалануға берілгеннен кейін ғана жер телімін жеке меншікке рәсімдеу мәселелері реттелді. Мақсатына сай немесе заңды бұза отырып пайдаланылған жер телімін мәжбүрлі түрде тәркілеу нормасы айқындалды.

Құжатпен «Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар» және «Алматы қаласының ерекше статусы туралы» заңдарға түзетулер енгізілді.

Соңғы жаңалықтар