Заңгер халық сайлап жатса, депутат болатынын айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі.
Халықтың көзі соқыр, қараңғы емес, дейді заңгер.
"Жатып- жатып алып, депутат болатын “кезде мені қолдайсыз ба Айгүл ханым ?”, деп шығып жатқандар ұяттарың жоқ екен!
Халықтың көзі соқыр, бұрынғыдай қараңғы емес!
Кімнің кім екенін біледі!
Сонда, өздеріңді оқырмандары көп адамдарға мақтату арқылы, мандатқа ие болмақшысыңдар ма?
Маған мүлдем жоламаңдар! Халыққа адал қызмет етсеңдер, халық өздері ақ депутат қылып сайлайтын еді…
Мен тек маскаларыңды шешемін!
Мемлекеттің қаржысын жеген, жемқорлықпен аты шыққан экс шенеуніктер, субсидия арқылы миллиардтап тендер алған кәсіпкерлер де Аманат арқылы мәжіліске өтейін деп жатқанын естіп еее сол баяғы әуен өзгермепті ғой деп отырмын….
Мемлекеттің болашағын ойлаған адамға мандатта, қызметте керек емес түсіне білген адамға!
Мемлекетімізді жалған ұранмен жоғалтып алмайық!
Елге адал қызмет жасайтындар ғана отырсын Парламентте!
Отыз жыл сайрағандарға тойдық!", деп жазды заңгер.
"Сен неге депутат болмайсың", деген сауал қойған оқырманына, "Халық өзі ұсынған кезде ғана боламын!", деп жауап берді Айгүл Орынбек.