Бюро отырысында парламентте жаңа депутаттық бірлестік құрылғандығы туралы осы фракцияның жетекшісі, сенатор Рашит Ахметов мәлімдеді. Оның хабарлауынша, фракцияға 11 депутат қамтылған. Атап айтсақ, бұл топта сенат депутаттары Фарит Ғалымов, Мүсірәлі Өтебаев, Светлана Жалмағамбетова, Әбіш Кекілбаев, Нұрлығайым Жолдасбаева, Рашит Ахметов, Жандарбек Кәкішев, Асқар Қожағалиев және мәжіліс депутаттары Валериан Землянов, Ұзаққали Елеубаев, Нұрдәулет Сәрсенов бар.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР парламентінде «Асар» партиясының фракциясы құруға бірнеше депутатттың шешім қабылдағаны туралы 27-қаңтарда Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Асар» партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева журналистерге хабарлаған болатын.