Парламентте "Асар" партиясының депутаттық фракциясы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламентте "Асар" партиясының депутаттық фракциясы тіркелді

Парламентте "Асар" партиясының депутаттық фракциясы тіркелді

Бүгін, 30-қаңтарда өткен мәжіліс бюросының кезекті отырысында "Асар" партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен.

  • 30 Қаңтар 2004
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бюро отырысында парламентте жаңа депутаттық бірлестік құрылғандығы туралы осы фракцияның жетекшісі, сенатор Рашит Ахметов мәлімдеді. Оның хабарлауынша, фракцияға 11 депутат қамтылған. Атап айтсақ, бұл топта сенат депутаттары Фарит Ғалымов, Мүсірәлі Өтебаев, Светлана Жалмағамбетова, Әбіш Кекілбаев, Нұрлығайым Жолдасбаева, Рашит Ахметов, Жандарбек Кәкішев, Асқар Қожағалиев және мәжіліс депутаттары Валериан Землянов, Ұзаққали Елеубаев, Нұрдәулет Сәрсенов бар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР парламентінде «Асар» партиясының фракциясы құруға бірнеше депутатттың шешім қабылдағаны туралы 27-қаңтарда Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Асар» партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева журналистерге хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар