Баспасөз мәслихатында үкімет міндетті түрде парламент сайлауында басым дауысқа ие болған партия мүшелерінің қатарынан жасақталама деген сауалға жауап берген Елбасы: «бұл міндетті емес», -деп мәлімдеді.
«Үкіметте өз жұмысын жеттік білетін мамандар жұмыс істеуге тиіс. Егер ол партия мүшесі болмаса да, оны партия мемлекеттік қызметке тарта алады. Алайда, айталық, «Нұр Отан» партиясы жасақтаған үкіметтің құрамына енген адам оның бағдарламасын орындайтын болады. Сол себепті ол әлгі бағдарламамен келісуге тиіс», — деп санайды президент.
«Біз дарынды адамдарды жинауға тиіспіз. Үкімет заманауи тәсілмен, біз жұмыс істегелі отырған әлемдік компаниялардың тілінде сөйлеуге тиіс» — деді Н. Назарбаев. «Сол себепті партияның мүшесі болу міндетті емес, кәсіби қарымдылығы, біліктілігі, басқару тәжірибесі мен машығы, біздің бағдарламаларды жүзегеа асыру қабілеті міндетті болып табылады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті