Парламентте бюджет Кодексі жобасының тұсаукесері жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламентте бюджет Кодексі жобасының тұсаукесері жасалады

Парламентте бюджет Кодексі жобасының тұсаукесері жасалады

9-маусым - дүйсенбіде Парламент үйінде бюджет Кодексі жобасының тұсаукесеріне арналған конференцияны мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Қаратай Тұрысов ашып сөз сөйлейді деп күтілуде.

  • 6 Маусым 2003
  • 640
Фото - Caravan.kz

Конференцияда ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов Бюджеттік Кодекстің жобасын таныстырады,- деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Аталмыш құжаттың жобасын ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, қаржы министрлігі, Есеп комитеті және Ұлттық банк секілді мекемелер бірлесіп дайындаған.
Жобаның тұсаукесеріне ЮСАИД өкілдері, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің экономикалық зерттеулер институты , сондай-ақ, мемлекет басшысы әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының өкілдері мен облыстық, Астана және Алматы мәслихаттарының депутаттары қатысады.
Жоба авторларының түсініктемесіне жүгінсек, Бюджеттік Кодекстің жобасында бұған дейін бюджеттік заңдарда реттелмеген ережелер ескеріліп отыр.
Атап айтсақ, бюджетаралық қатынастар принципі нақтылана түскен. Тіпті аудандық деңгейдегі бюджетке дейін барлық сатылы бюджеттердің кірісі мен шығысын бөлісу принциптері дәйектелген. Бюджетті жоспарлаудан бастап мемлекеттік қаржылық бақылауға дейінгі барлық бюджеттік процесстер регламенттеліп, бюджеттік инвестиция, бюджеттік кредит және мемлекеттің несие алу жұмыстарын жүзеге асыруға баса назар аударылған.
Бюджеттік Кодекстің жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2001-жылғы жолдауында атап көрсетілген тапсырмаға сәйкес әзірленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар