Парламенттің бірлескен отырысында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы ант береді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламенттің бірлескен отырысында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы ант береді

Парламенттің бірлескен отырысында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы ант береді

1-қыркүйек, сәрсенбіде өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасының жарлығымен биылғы маусым айында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы болып жаңадан тағайындалған Игорь Рогов ант береді деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Тамыз 2004
  • 359
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанамыздай, парламент палаталарының бірлескен отырысы екінші шақырылған парламенттің соңғы алтыншы сессиясының ашылуына арналады. Екінші шақырылған парламент депутаттарының өкілеттілік мерзімі 2004-жылдың желтоқсан айына дейін созылады. 19-қыркүйекке белгіленген мәжіліс депутаттарының сайлауында жеңіске жеткен халық қалаулылары 1-желтоқсанда үшінші шақырылған парламенттің алғашқы сессиясына жиналады.

Перейти к новостям спорта