Жарияланды: 460

Парламенттің бірлескен отырысында "ҚР сайлау туралы" үш түрлі заң жобасы қаралады

Бүгін, 23-желтоқсанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары

"ҚР сайлау туралы" Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арнаған парламент палаталарының бірлескен отырысында палата атынан депутат Жазбек Әбдиев жасайтын ортақ баяндаманы мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан. Бүгін қабылданған шешімге сәйкес, мәжіліс депутаттары "үкімет ұсынған заң жобасын негізге ала отырып үш заң жобасын өзара біріктіруді" ұсынады. "Қазақстан қоғамындағы қарқынды даму сайлау туралы заңнамаларда бірқатар проблемалардың туындауына түрткі болып, сайлау жүйесіндегі жекелеген кемшіліктерді айқындап берді. Бұл жағдай жүйенің обьективтілігі мен ашықтығына деген сенімсіздікті күшейтті",- деді жалпы отырыста сөз сөйлеген Ж.Әбдиев. "Соған сәйкес, заңнамаларды жаңалау, ал сайлау процессін одан әрі демократияландыру талабы қойылып отыр",- деді ол. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазір "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы" үш бірдей заң жобасы парламент қарауына тапсырылған. Олардың екеуі парламенттегі депутаттар тобының атынан ұсынылса, үшіншісін үкімет ұсынып отыр. Аталмыш заң жобалары алғашқы оқылымда қаралатын парламент палаталарының бірлескен отырысы 26-желтоқсанға белгіленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін