Парламенттің төртінші сессиясы жабылып, депутаттар каникулға кетті
![]() |
Бүгін ҚР Парламентінің төртінші шақырылымының төртінші сессиясы аяқталып, депутаттар екі айлық каникулға кетті. |
Парламент палаталарының бірлескен отырысында осындай қаулы қабылданды.
«Қазақстан Парламенті төртінші сессиясын аяқтай отырып, өз тарихындағы тағы бір маңызды белестен асты. Осы сессияны ашарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының сындарды жұмыстарын атап өткен еді. Осы арқылы жұмысымызға жаңа серпін берген Мемлекет басшысы заң шығару қызметінің басым бағыттарында айқындаған болатын. Ал, бүгін қоғам назарына ұсынылып отырған жұмыс қорытындылары Президент алға қойған міндеттерді Парламент негізінен орындап шықты деп айтуға мүмкіндік береді»,-деді сессия қорытындысы бойынша сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.
Оның айтуынша, осы сессия барысында Парламент қоржынында 190 заң жобасы болса, оның 144-і қабылданған және 170-сіне Мемлекет басшысы қол қойған. 70-тен астам халықаралық шарттар мен конфессиялар ратификацияланған.
«Төртінші сессияда заң шығару үдерісі сындарлы жолға қойылып, оған қосымша серпін берілді»,-деді Мәжіліс төрағасы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін