«Біздің мақсат — елімізді қарқынды модернизациялау. Өткен 15 жылда біз әжептәуір табыстарға қол жеткіздік. Дегенмен, жаҺанданған дүние жүзі тіптен тез қарқынмен дами түсуде. Біз тіпті технологиялар мен жаңалықтардың дамуына ілесе алмай да қалдық»,- деді президент. «Тек ынтымақ-бірлік, сенім мен қоғамдағы тұрақтылық қана бізді табысқа әкеле алады»,- деді ол. «Біртұтас партия елімізді бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің санатына ену жөніндегі стратегиялық мақсатты жүзеге асыратын басты тіректерінің біріне айналуға тиіс», — деді мемлекет басшысы.
Президенттің пайымдауынша, «Отан», «Асар» және Азаматтық партиялардың бірігуі «қазақстандағы партиялық жүйенің тариыхында жаңаша беттерді ашады». «Бізге бұқараның жаппай қолдауына ие болған, қуатты интеллектуалдық ресурстары бар партия қажет»,- деді Н.Назарбаев.
«Мақсаттары жақын партияларды біріктіру — заңды қадам»,- деді президент.
Елбасының пікірінше, «жалпыұлттық партия құру — еліміздің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру үшін айрықша маңызды».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті