Пашинян Арменияның ішкі өмірін құрметтемейтін РФ телеарналарына тыйым салынатынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пашинян Арменияның ішкі өмірін құрметтемейтін РФ телеарналарына тыйым салынатынын мәлімдеді

Пашинян Арменияның ішкі өмірін құрметтемейтін РФ телеарналарына тыйым салынатынын мәлімдеді

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян ресейлік телеарналар Арменияның ішкі өмірін құрметтемесе, олардың хабар таратуына тыйым салынатынын мәлімдеді.

  • 7 Мамыр
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Қол қойылған шарттарға сүйене отырып, біз ресейлік арналардан Армения мен оның мүдделеріне құрметпен қарауды сұраймыз. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа бағалай отырып, бірнеше рет сұрауға, содан кейін бірнеше рет талап етуге дайынбыз. Егер жетінші рет біздің талабымыз еленбесе, онда бұл арналардың барлығы өшіріліп, Арменияда таратылуы тоқтатылуы керек», — деді ол баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздердің қай күні өтетінін мәлімдеген еді.