Пәтер иелерінің кооперативтері өрт қауіпсіздігі жүйелерін олардың қымбаттығына байланысты іске қоса алмай отыр - ҚР ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәтер иелерінің кооперативтері өрт қауіпсіздігі жүйелерін олардың қымбаттығына байланысты іске қоса алмай отыр - ҚР ТЖМ

Пәтер иелерінің кооперативтері өрт қауіпсіздігі жүйелерін олардың қымбаттығына байланысты іске қоса алмай отыр - ҚР ТЖМ

Алматы. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Пәтер иелерінің кооперативтері өрт қауіпсіздігі жүйелерін олардың қымбаттығына байланысты іске қоса алмай отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР ТЖМ Өртке қарсы күрес қызметі комитетінің мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының бастығы Марат Хасенов мәлімдеді.

  • 25 Қараша 2008
  • 479
Фото - Caravan.kz

М. Хасеновтың айтуынша, «Өртке қарсы күрес қызметі комитеті көп қабатты ғимараттарды ұстау жағдайы алаңдата бастады». «Қазір республикада ондай ғимарат — 486, соның ішінде 213 ғимарат салыну үстінде. Олардың басым бөлігі Алматыда, мұнда 166 осындай ғимарат болса, Астанада — 91, Павлодар мен Оралда әрбіреуінде 34, Қарағандыда 25 ғимарат бар», — деді ол.

Оның айтуынша, көптеген ғимараттарда «өрт шыққанын анықтау және адамдарды хабарландыру жүйелері, ішкі өртке қарсы су құбырларының жоғары қысымды насостары жұмыс істемейді». Мұндай проблемалар осыдан 10-20 жыл бұрын пайдалануға берілген ғимараттарда жиі кездеседі. «Оларды пайдаланып, жөндейтін, қызмет көрсететін ұйым болуға тиіс. Пәтер иелерінің кооперативтері түтін шығару жүйелерін өз бетімен іске қоса алмайды, бұл — қымбатқа түсетін шара, сол себепті осындай үйлерде өрт қауіпсіздігін күшейту үшін жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесе іс-әрекеттер жасау қажет», — деді М. Хасенов.

Өз кезегінде TITUM ЖШС-нің президенті Юрий Цепуриттің пайымдауынша, ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі проблемасын Пәтер иелерінің кооперативтерін жеңілдетілген шартпен ұзақ мерзімді несиелендіру арқылы шешуге болады.

Оның пікірінше, сұранысқа сай әр ғимаратты жеке қаржыландыру қажет.

М. Хасеновтың мәліметінше, «республикада өткен 10 айда 15353 өрт шыққан. Шығын көлемі 4 млрд 300 млн теңгеге жетті. Өрт пен түтіннің қатерлі факторларынан 346 адам қаза тауып, 464 адам зардап шекті».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар