Жарияланды: 490

Пәтер иелерінің ортақ мүлікті күтіп ұстауға деген қарыздарына мерзімі өтіп кетуіне байланысты кешірілім жүрмейді

Пәтер иелерінің ортақ мүлікті күтіп ұстауға деген қарыздарына мерзімі өтіп кетуіне байланысты кешірілім жүрмейді, деп құрылыс істері жөніндегі (ҚІА) және ТКШ агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қайтарылымды қамтамасыз (кондоминиум нысандарын жөндеуге керек бюджет қаражатын – ҚазТАГ) ету тәуекелін мейлінше азайту мақсатында кондоминиум нысандарының мүліктерін күтіп ұстауға қажет шығындарды төлеуден жалтарған пәтер меншік иелерінен қарыздарды өндіріп алу туралы сот талаптарын қарауда сот процесін сот бұйрығы түрінде ықшамдау қарастырылған», - делінген сейсенбі күні ҚІА таратқан ақпараттық баянда. Баспасөз қызметі ондай істерді сот 2-3 апта ішінде қарайтынын айтады. «Бұдан былай мұндай қарыздар үшін сот талаптарына мерзімі жағынан ешқандай шектеулер қойылмайды», - деп көрсетілген хабарда. ҚІА мәліметтерінше, құрылыс істері және ТКШ жөніндегі ҚР агенттігі арнайы тұрғынүй сотын құру ұсынысын қолдамайды және оның республикада құрылуына бастамашы болмайды. Бұрын хабарланғандай, «Тұрғынүй қатынастары туралы» ҚР заңына тиісті түзетулер енгізіліп, оны парламент мақұлдады. Қазіргі уақытта ортақ мүлікті жөндеуге керек қаражатты төлеуден жалтарған азаматтардың қарыздарын сот арқылы өндіріп алу әдісі қолданылады. Ондай қарызгерлердің ісі сотта 6 және одан көп ай мерзімде қарастырылады. 2010 жылы басқару органдарының талаптары бойынша сот арқылы пәтер меншік иелерінен ортақ мүлікті күтуге қажет деген Т350 млн өндіріліп алынды. ТКШ-ны модернизациялау аясында кондоминиум нысандарын жөндеу қаражатының қайтарылымды болуы қарастырылған. Алғашқы кезеңде ол бюджет қаражатын пайдаланады. Екінші кезеңде осы тетіктерге кәсіпкерлік құрылымдар өздерінің, немесе қарыз қаражаттарымен қатысады. 2011-2020 жылдар аралығында ТКШ жүйесін модернизациялауға Қазақстанда Т636 млрд қаражат жұмысау қарастырылған. Кәсіпорындардың ТКШ жүйесін модернизациялауға кететін шығындары тарифтер есебінен қалыптасып, 10 жылда Т452 млрд болады. Кәсіпорындар шығынына қосымша республикалық бюджеттен Т166 млрд бөлу қарастырылған. Жергілікті бюджет есебінен қосымша қаржыландыруға Т18 млрд бөлінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін