Пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді
|
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Сұғанақтар кезекті рет коллекционердің үйіне түскен кезінде құрықталды.
Баукеспелердің бірі адам саудалағаны және қарақшылық жабуыл жасағаны үшін әлі күнге дейін мемлекетаралық іздеуде жүрген екен. Араларында бұрын бірнеше рет сотты болғандары да бар. Бірақ әдетінен арыла алмағандар пәтер тонаушылықты біраз уақыттан бері кәсіп етіп келген. Алакөл ауданы тумаларының бұл іске машықтанып алғаны сонша, кез келген есікті еш қиындықсыз ашып, іштегіні түгелдей үптеп отырыпты. Бұл жолы, қылмыстық топ айласын асыра алмады. Кезекті пәтерді тонап, коллекциондық ақшамен қашып сытылмақ болған сәтінде құрықталды. Тәркіленген заттардың жалпы құны 2 жарым млн. теңгені құрап отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін