Павлодар әкімі қансорғыштардың көбейіп кетуіне байланысты өңірге төтенше жағдай енгізуді сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар әкімі қансорғыштардың көбейіп кетуіне байланысты өңірге төтенше жағдай енгізуді сұрайды

Павлодар әкімі қансорғыштардың көбейіп кетуіне байланысты өңірге төтенше жағдай енгізуді сұрайды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың пікірі бойынша өңірде төтенше жағдай енгізілуі тиіс. Себебі, шыбын-шіркейдің шағуы салдарынан балапандар өліп, адам денсаулығына да қауіп төніп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы  облыс әкімі жедел кеңесте мәлім етті. Естеріңізге сала кетсек, 18 мамыр күні Ертіс өзеніне шіркейдің 80 пайызын жоятын бактицидтің құюлуы өтті. Десе де, 25 мамырдан бері қансорғыштардың шабуылынан далада жүру мүмкін емес. Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, шыбын-шіркейді улау жұмыстарын жүргізетін фирманы анықтайтын конкурстың қорытындысы 12 мамыр күні белгілі болады. Аталмыш конкурсты бес миллионнан екі миллионға дейін түсірген қарағандылық фирма ұтып алды. Алайда фирманың жұмысшылары мен суда жүзетін құрылғылары жоқ болып шықты. Нәтижесінде шіркей мен сары масаны улау шаралары С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Қанат Ахметовке тапсырылды. - Павлодардағы сары масалардың мәселесімен 1998 жылдан бері айналысып келемін. Өзімнің докторантыммен бірге дәрі-дәрмектің мөлшерін анықтап, оны Ертіс өзеніне және Теплая шағын өзеніне құю керек деген тұжырымға келдік. Бірақ та Теплая шағын өзені мүлдем өңделген жоқ. Кеше өңдеудің екінші кезеңі өтті, біздің есебіміз бойынша судың көлемін ескере отырып, бұл жерге 16 мың литр дәрі-дәрмек құюлуы тиіс болған. Өкінішке орай 8 700 литр ғана төгілді. Осылайша, Ертістің жарты бөлігі ғана өңделді, - деді Қ.Ахметов.

  • 1 Маусым 2016
  • 541
Фото - Caravan.kz


Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Сүйеновтың айтуынша, биыл республикалық бюджеттен облыстағы шіркей, сары масаларды және егеуқұйрықтармен күресу мақсатында 170 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде Павлодар қаласына 148 миллион теңге, Екібастұзға 12,2 миллион және Ақсу қаласына 10,3 миллион теңге қарастырылған болатын. Өткен жылы облыстағы үш қалаға 190 миллион теңге бөлінді. Ол кезде дәрі-дәрмектің бір литірі 1800 теңге тұрса, биыл 2232 теңгеге дейін жоғарылаған. Ал ауылдарға бірнеше жыл бойы осы шараға қаражат мүлдем бөлінбейді. — 25 мамырға дейін қаладағы жағдай бірқалыпты болды. Бұл шіркейді солтүстік-шығыстан соққан жел салдарынан өңделмей қалған аймақтан қала ішіне айдап әкелді, — деді Б.Сүйенов.

Бұл ретте, мекеме басшысы қалаларда өткен шіркейге қарсы шараны нәтижелі болмағанын да алға тартты. Қала бойынша өңдеу кейбір жерлерде 9 рет, ал кейбір жерлерде 4 ретке дейін төмендеді. — Шіркей мен сары маса биыл қала тұрғындарына маза бермейтін болды. Жағдай ушығып барады. Қала ішінде шіркейлерді улауды қалай ғана жоспарлағансыздар?, — деп сұрады облыс әкімі. Бақыт Сүйенов болса, мәселенің алдын алу мақсатында бір ғана жол бар екенін айтты. Ол, республикалық бюджеттен шіркей мен егеуқұйрықтармен күреске қыркүйекке дейін бөлінген қаражатты қазір шіркей мен сары масаларды улауға жұмсау керек екенін айтты. — Қазір уақытта шіркейдің белсенділігіне байланысты күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге бел будық, — деді ол. Ғалымдардың айтуынша, инеліктің шығуына дейін, яғни соңғы қоңырау кезінде шіркейдің көбеюі белең алады. Сондықтан осы уақытта барлық қаражатты игеруді шештік. Негізгі бөліктерге жағалау мен жайылымдардың бойы, Ертістің оң және сол жағасы, сондай-ақ, қаланың ішінде: теміржол сапаржайы, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір және Усолка шағын ауданы кіреді. Енді полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгініп, қала тұрғындарын кешкі сағат 9-дан 10-ға дейін өңдеу жұмыстары жүргізілетіні туралы ескерту керек. Бұл мақсатта 50 миллион теңге бөлуіңізді сұраймыз.