Павлодар аудандық ІІБ-да мемлекеттік тілді игерудің деңгейін анықтауға арналған емтихан өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар аудандық ІІБ-да мемлекеттік тілді игерудің деңгейін анықтауға арналған емтихан өтті

Павлодар аудандық ІІБ-да мемлекеттік тілді игерудің деңгейін анықтауға арналған емтихан өтті

Павлодар аудандық Ішкі істер басқармасында мемлекеттік тілді игерудің деңгейін анықтауға арналған емтихан болып өтті,

  • 31 Мамыр 2011
  • 527
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ІІБ баспасөз қызметі.

Қасиетті туған тілдің қадірін жете түсінген Павлодар ауданының ІІБ басшылығы бұл жолы да жыл сайынғы емтиханға ерекше дайындалды. Оқу жылын қорытындылау шарасына аудандық ІІБ бастығы Нығметтолла Қаббасов өзі қатысып, жыл бойы тіл білімінің нәрін сусындаған қызметкерлерге алғысын білдіріп, үздік деп танылған 11 полиция қызметкеріне көтермелеу бұйрығын жариялады.

Павлодар ауданының ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы Әлия Тоқтарбаеваның хабарлауынша, сондай-ақ осы он бір адамның арасынан топ жарып, алға шыққан біреуіне «Жылдың үздік тіл білгіші» белгісін тағайындау қажет еді. Әріптестерінің арасында барлық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатардан орын алған учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Сәрсенбаев болды. Ол аудандық ІІБ-нің тіл білгірі атанды. Қуаныш Сәрсенбаев тіл өнерімен оқушы кезінен шұғылданып келеді. Қазақтың көркем әдебиетін әуестене оқиды. Мектепті орыс тілінде тәмамдаса да, тілді жетік меңгеру жағынан өзіне қатаң талап қояды және отбасында да тіл мәселесін алға шығарып отыр.

Емтихан күні Жанар Ұзқанова, Динара Қалиакпарова, Асхат Қапабаев, Тілеген Омаров, Қанапия Мұқажанов, Ерлан Нұртазин, Ақылжан Әділбеков сынды қызметкерлердің тілге деген ынтасы ерекше аталып өтті .

Қазақ тілі пәнінен өткен емтиханға екі топтан 60 қызметкер қатысып, олардың басым көпшілігі «өте жақсы», «жақсы» деген көрсеткіштерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 13 қызметкер «өте жақсы», 30 «жақсы» және 17 қызметкер «қанағаттанарлық» бағаларын алды. Сонымен қатар, емтихан барысында полиция қызметкерлері қазақтың ақын — жазушыларының өмірі мен шығармашылығына арнап дайындаған рефераттарды қорғады. Криминалист Дмитрий Желнин мен учаскелік инспектор Ренат Сартовтың дайындаған Абай Құнанбаев пен Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы туралы рефераттар үздік бағаланды.

Жалпы Павлодар ауданының ІІБ-де мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау жұмыстары дұрыс жолға қойылған. Полиция қызметкерлерінің мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізуге барлық жағдай жасалынған. Сөздіктер мен электронды сөздіктер, әдістемелік құралдар жеткілікті. Қазақ тілі пәні аптасына екі рет бастауыш және жалғастырушы топтарда оқытылады, арнайы қазақ тілі кабинеті де бар. Аудандық ІІБ-де қызмет істейтін өзге ұлт өкілдерінің тілге деген құрметі ерекше, олар тіл дайындығы сабақтарына белсенділік таныта қатысады.

Мемлекеттік тіл сабақтарын оқыту алдағы оқу жылында да осындай қарқында жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар