Павлодар әуежайын жөндеуге 1 млрд. теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар әуежайын жөндеуге 1 млрд. теңге бөлінеді

Павлодар әуежайын жөндеуге 1 млрд. теңге бөлінеді

"Қазақстандағы азаматтық авиация әуежайларын дамыту жөніндегі 2006-2010-жылдарға арналған" бағдарлама аясында республикалық бюджеттен Павлодар әуежайын жөндеуге 1 млрд. 113 млн. теңге бөлінеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Павлодар әуежайы" АҚ басқармаларының төрағасы Владимир Юдин хабарлады.

  • 25 Қараша 2005
  • 559
Фото - Caravan.kz

1972-жылы салынған Павлодар әуежайында бүгінде аэровокзал ғимаратын жөндеу, ұшып-қону жолағын жаңалау, қазіргі заманғы жарық дабылы жабдықтарын сатып алу қажеттігі туындап отыр. В.Юдиннің айтуынша, бөлінген қаржы аталмыш жұмыстарға жетеді. Сонымен бірге ұшақтарға қызмет көрсету үшін арнаулы техника сатып алу көзделген.

Әуежай қазір халықаралық мәртебеге ие. Сол себепті тіркеу, ұшаққа отырғызу және жүктерін рәсімдеуде жолаушыларға қолайлы жағдай жасау талап етілуде.
В.Юдиннің айтуынша, жаңалау жұмыстары алдағы көктемде басталады.
Павлодар әуежайы ішкі бағыттармен бірге Германияға ұшатын рейске қызмет көрсетеді. Ал 17-желтоқсанда Павлодар-Мәскеу рейсі ашылады.

Перейти к новостям спорта