деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Автобустар мен трамвайлар балаларды күні бойы тегін тасымалдайды. Мәдениет үйлері мен кинотеатрларда, демалыс бағы мен стадиондарда да балаларды бүгін көптеген тосын сыйлар күтіп тұр — бүгін барлық аттракциондар балалар үшін тегін жұмыс істейді.
Ал Ш.Айманов атындағы кинотеатрда өтетін «Кунг-фу Панда» мультфильмінің қайырымдылық көрсетіліміне жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасылардың балалары шақырылып отыр. Қаладағы 43 мектепте те бүгін мерекелік шаралар өтеді.