«Павлодар - балаға мейірімді бала» мерекесі өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Павлодар - балаға мейірімді бала» мерекесі өтпек

«Павлодар - балаға мейірімді бала» мерекесі өтпек

Ертіс жағалауындағы қала бүгінгі Балаларды қорғаудың халықаралық күнін «Павлодар - балаға мейірімді бала» деген ұранмен атап өтеді,

  • 1 Маусым 2011
  • 664
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Автобустар мен трамвайлар балаларды күні бойы тегін тасымалдайды. Мәдениет үйлері мен кинотеатрларда, демалыс бағы мен стадиондарда да балаларды бүгін көптеген тосын сыйлар күтіп тұр — бүгін барлық аттракциондар балалар үшін тегін жұмыс істейді.

Ал Ш.Айманов атындағы кинотеатрда өтетін «Кунг-фу Панда» мультфильмінің қайырымдылық көрсетіліміне жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасылардың балалары шақырылып отыр. Қаладағы 43 мектепте те бүгін мерекелік шаралар өтеді.

Соңғы жаңалықтар