Павлодар - Баянауыл жолында қатынау қалпына келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар - Баянауыл жолында қатынау қалпына келтірілді

Павлодар - Баянауыл жолында қатынау қалпына келтірілді

Республикалық Павлодар - Баянауыл трассасында жүру қалпына келтірілді, деп хабарлады Павлодар облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 363
Фото - Caravan.kz

Ульяновский-Корней-Үміткер-Баянауыл-Қалқаман тас жолының Баянауыл — Майқайың учаскесінде  көліктердің жүруіне уақытша рұқсат берілді.  Құндыкөл -Теңдік көпірі су тасқыны салдарынан зардап шеккендіктен жабылды.  Сәтпаев ауылдық округінде көпір жаяу жүргіншілер үшін ашық.

Баянауыл аудандық ТЖ бойынша бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Т. Ахметовтің айтуынша, 20.04.2015 жылы жағдай  тұрақты. Қараащы ауылында еріген қардың суы сағасымен кетіп жатыр. Елді мекенді су басу қаупі жоқ.