Павлодар Инновациялық еуразиялық университетінің түлектері диплом алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар Инновациялық еуразиялық университетінің түлектері диплом алды

Павлодар Инновациялық еуразиялық университетінің түлектері диплом алды

Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінің 1 мыңнан астам түлегі өткен аптада дипломдарын алды,

  • 11 Шiлде 2011
  • 537
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.

Олардың қатарында бакалаврлар мен ғылым магистрлері, «қос диплом» бағдарламасы және қашықтықтан оқу технологиясы бойынша оқыған студенттер бар.

«Біздің түлектеріміздің білімі берік, олардың талаптары зор және жас мамандардың өз дегендеріне жететіндеріне біз сенімдіміз», дейді профессор Людмила Проскурина.

Сырттай оқу бөлімі түлектерінің атына ерекше тілектер айтылды — өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп жүрген олар, өз кәсіби біліктіліктерін жетілдіру үшін оқыған.

Университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Евгений Никитин магистр-түлектерді «ерекше кадрлық резервтер» деп атады. Болон келісіміне қол қойған елдердің барлығында олардың дипломдарының күші бар.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына PhD докторантурада оқуға 500 орын бөліп отыр — Инновациялық Еуразиялық университет 50 орынға өтініш берді. Магистрлерлердің біразы өз білімдерін павлодарлық университетте жалғастырып, келешекте университет қабырғасында мамандар дайындауға атсалысатын болады.

Соңғы жаңалықтар