Бұл лагерьге «Адам құқығы: теңдік және кемсітпеушілік» республикалық фото және суреттер конкурсының жеңімпаздары жиналады. Олар үшін мұнда семинарлар мен тренингтер өтеді.
Оқушылар 7 күнге созылатын семинар-тренингтердің барысында өз құқықтары мен білімдерін толықтырады. Лагерь жұмысының ақырғы күні скауттар мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған Павлодар оңалту орталығында «Балалар — балаларға» акциясын өткізеді, балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастырады.