Павлодар іргесіндегі «Ленин» кентінің атын өзгертуге тұрғындары қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар іргесіндегі «Ленин» кентінің атын өзгертуге тұрғындары қарсы шықты

Павлодар іргесіндегі «Ленин» кентінің атын өзгертуге тұрғындары қарсы шықты

Павлодар іргесіндегі Ленин қалашығының атауын өзгертуге  байланысты тұрғындар арасында дау туындады. Бірі осы өңірден шыққан  Қазанғап бидің атын беру керек десе, басқалары бұрынғы атауын қалдыруын қалайды. Қарсы тарап тіпті, ауылдың аты өзгерсе қаладан шығып қалып, облыстың қарамағына өтіп кетуіміз мүмкін деп те соқты.

  • 6 Желтоқсан 2012
  • 335
Фото - Caravan.kz

Ленин кентінің әкімдігі алдында жиналған жұрт елді-мекен атауын өзгертуге қарсы. Жұрттың шымбайына тигені — шенеуніктер олардың пікірін ескерместен, «Ленин» атауын «Қазанғапқа» алмастыру керек деп шешіпті.

Светлана Иванова, Ленин кентінің тұрғыны:

Ауыл атауын өзгерту үшін бюджеттен қаржы бөлінеді. Одан да ол  ақшаны жол, жарық, су мәселесіне жұмсаса. Шенеуніктер тек ақша жымқырудың қамын ойлап жатыр.

Қарсы шыққан тұрғындардың не мақсатты көздегені беймәлім, дегенмен айқайға басқанда қазынаның қаржысына қам жегендерін жеткізді. Бірақ кент атын өзгертуге жұрт жаппай қарсы деуге келмейді. Мұнда әкімдік бастамасын қос қолдап жақтағандар да жетерлік екен. 18 ғасырда Ертіс бойындағы елді-мекендердің іргетасын қалауға зор еңбегі сіңген Қазанғап бидің есімін беру керек,- деп санайды олар.


Темірхан Дұрманов, Ленин кентінің тұрғыны:

— Қазақ халқының бостандығын қолдап, шұрайлы жер — Ертіс жақын , балығын ұстауға болады. Шөбі шүйгін. Соны жақтап, Омбыдағы губернаторға барған. Одан ақ патшаның өзіне кірген. Бәрін дәлелдеп, осы жерді тұрғызған.

Даурыққан халыққа ақыры әкімнің өзі шықты. Шенеунік тұрғындардың келісімімен ғана ауыл атауы өзгереді деп сендірді шу шығарған елді.     

Жеңіс Әбікен, Ленин кентінің әкімі:

— Бізде оң мыңнан аса халық бар, соның ішінде ересек адам 6 мың. Алты мың адамның шешімі бойынша ғана ауылдың атын өзгерту мәселесі соңғы шешімін табады. Ал ауылдың статусын өзгерту туралы мүлдем сөз қозғалған жоқ. Және ауыл Ақсу қаласына берілмейді.