"Павлодар химия зауыты" ААҚ-да екі жылға созылатын оңалту шаралары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Павлодар химия зауыты" ААҚ-да екі жылға созылатын оңалту шаралары басталды

"Павлодар химия зауыты" ААҚ-да екі жылға созылатын оңалту шаралары басталды

Павлодар сотының шешімімен "Павлодар химия зауыты" ААҚ-да 2005-жылдың қыркүйек айына дейін созылатын оңалту шаралары басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық индустрия және сауда департаментінен хабарлады.

  • 7 Қазан 2003
  • 499
Фото - Caravan.kz

Кеше зауытқа реабилитациялық басқарушы тағайындалды. Оның басқаруымен «Павлодар химия зауыты» ААҚ екі жылдың ішінде өнім сататын кепілді рынок тауып, айналым қаржысын жинақтауы тиіс.

Павлодар облыстық индустрия және сауда департаментіндегілердің атап көрсетуінше, соңғы екі жылда «Павлодар химия зауыты» ААҚ-да күрделі қаржылық ахуал қалыптасты. Кәсіпорынның жалпы берешегі 417,6 млн. теңгені құрайды. Дегенмен, соңғы уақытта кәсіпорында бюджет алдындағы және ұжымға жалақы берешегін өтеуге талпыныс байқалып отыр. Сол себепті кәсіпорынды банкроттыққа ұшыратпау және оның қаржылық-экономикалық ахуалын сауықтыру үшін оңалту процедурасын қолдану туралы шешім қабылданды. Бұл дегеніңіз, кәсіпорынның бюджет алдындағы және ағымдағы берешектері екі жылға шегеріледі деген сөз.
Бұған дейін де хабарлағанымыздай, «Павлодар химия зауыты» ААҚ бұрынғы «Химпром» ААҚ-ның негізінде 1999-жылдың сәуір айында құрылған болатын.
Кәсіпорында мотор майы, тұзды түзілімдердің ингибиторы мен қаптамалар өндіріледі.

Соңғы жаңалықтар