Павлодар колониясындағы жазасын өтеушілер аштықты тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар колониясындағы жазасын өтеушілер аштықты тоқтатты

Павлодар колониясындағы жазасын өтеушілер аштықты тоқтатты

Павлодардағы АП 162/2 колониясында аштық жариялаған жазасын өтеушілер Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының бастығы Құмар Түктібаевпен кездесуден кейін аштықты тоқтатты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Ақпан 2005
  • 402
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 3-ақпанда абақтыда отырған 18 тұтқын АП 162/2 мекемесі басшылығының іс-әрекеттеріне наразылық белгісі ретінде құрғақ аштық жариялаған болатын. Туыстарының айтуынша, олардың барлығы да колония қызметкерлері тарапынан жан-жақты қорлық-құқай көретінін айтып арызданған. Мекемедегі шиеленіс жаңа басшы тағайындалған қаңтар айынан басталды.

Қ.Түктібаевтың айтуынша, ол бұл оқиға туралы ақпараттан құлағдар болысымен сотталғандармен жүздескен. Оның айтуынша, аштық жарияланғандар — ішкі тәртіп-ережелерді өрескел бұзуға байланысты қатаң режимге көшірілгендер болмақ. Олармен сондай-ақ түзету мекемелеріндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура өкілі Мұрат Әбдірәшитов кездесті.
Қылмыстық-атқару жүйесінің бастығының айтуынша, колония басшылығына қамаудағылардың жағдайын жақсарту үшін бөлмелерге жөндеу жүргізу тәрізді қызмет бабындағы бірқатар нұсқаулар берілді.