Жарияланды: 320

Павлодар коммунистері флешмоб акциясын өткізді

Павлодарда Қазақстан Коммунистік халық партиясы филиалының мүшелері үнсіз флешмоб өткізді.

"Жергілікті билік бізге ресми түрде гүл шоқтарын қоюға және Қазанның кезекті жылдығына орай қала орталығында шеру өткізуге тыйым салды. Бізге тек қаланың шетінде арнайы орында митингі ұйымдастыруға ғана рұқсат етті", деді "Интерфакс-Қазақстанға" партияның облыстық филиалының бірінші хатшысы Геннадий Осипов. Дегенмен, партия мүшелері Ленин ескерткішіне гүл қойып, сосын жаяу Ленин саябағына барған. Онда да дүниежүзілік пролетариаттың көсеміне арналған ескерткіш орнатылған. Арандатушылық әрекеттер болды деп санамасын деп, бүкіл шаралар үнсіз өткізілді, деді "ИФ-Қазақстан" тілшісі. Қазақстан Коммунистік партиясының мүшелері де ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қазақстанда екі коммунистік партия бар, ҚКП қызметі сот шешіміне орай бірінші хатшының тіркелмеген "Халықтық майдан" бірлестігіне қатысқандығы үшін тоқтатылған. Ал Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы биыл қаңтар айында парламенттік сайлауда 7 пайыз деңгейден өтіп, мәжілістен 7 орынға ие болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін