Павлодар маңында өзбек гастарбайтерлері үсіп өле жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар маңында өзбек гастарбайтерлері үсіп өле жаздады

Павлодар маңында өзбек гастарбайтерлері үсіп өле жаздады

Павлодар маңында 47 өзбек гастарбайтері үсіп өле жаздады.Олар Ресейде нәпақаларын тауып, Ташкентке қайтып бара жатқанда автобустары бұзылып, аязда 8 сағаттан аса тұрып қалған. Араларында 5 жасар бала да болды.

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 239
Фото - Caravan.kz

«Астана-Павлодар» тас жолында сынып тұрған автобус жайлы құтқарушыларға сол маңда өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі хабарласса керек. Ал өзбектердің өздері үсіп қалмау үшін қолына түскен затты жағып жылыныпты. Одан шыққан түтіннен бір адам уланып қала жаздаған. Құтқарушылар мен дәрігерлер гастарбайтерлерге көмек көрсетіп, жөндеріне жіберді. Өйткені жәрдемдеріне ақы сұрайды деп ойлаған ала шапандылар ауруханаға барудан және арнайы мекемеде түнеп шығудан бас тартыпты.