Павлодар медициналық колледжінің студенті жауапсыз махаббат үшін 14-ші қабаттан секіріп өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар медициналық колледжінің студенті жауапсыз махаббат үшін 14-ші қабаттан секіріп өлді

Павлодар медициналық колледжінің студенті жауапсыз махаббат үшін 14-ші қабаттан секіріп өлді

Павлодар медициналық колледжінде оқитын студент қыз жауапсыз махаббат үшін 14-ші қабаттан секіріп, ажал құшты.

  • 21 Қараша 2012
  • 352
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Экспресс К» газетінде шыққан «У последней черты» атты мақаласында Дәурен Хайыргелдин жазды.

Қаза болған бойжеткеннен бір ғана — «Махаббатты сақтаңыздар» деген сөздері бар өлім алдында жазған хаты табылды.

Студент қыздың Павлодарға Шығыс Қазақстан облысынан оқуға келгені және соңғы уақытта оның жеке өмірінде проблемалар болғаны белгілі болды.

Психология саласындағы сарапшылар қазіргі ұрпақ өмірлік қиындықтармен әрдайым өз беттерімен күресе алмайтындығын және оларды шешудің орнына соңғы амалдарға баруды жөн көретіндігін айтуда.

Бұл биылғы жылы болған балалар суицидінің бірінші оқиғасы емес. Қараша айының басында павлодарлық мектептердің бірінде оқитын қыз бала оныншы қабаттағы балконнан секіріп кетіп, мерт болды. Оның таныстарының сендіруінше, оның бұл әрекетке баруы жауапсыз махаббаттан болған.

Соңғы жаңалықтар