Павлодар мемлекеттік университетінде халық жазушысы Аманжол Шәмкеновтың шығармалар жинағының тұсаукесері өтті
Павлодар мемлекеттік университетінде халық жазушысы Аманжол Шәмкеновтың (1927-2004) бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, |
деп хабарлады аталмыш оқу орнының баспасөз қызметінен.
Басылымның шығарылуы қазақстандық ақын, драматург, прозашы, Джавахарлал Неру атындағы халықаралық сыйлық лауреатының 85 жылдығына арналды.
«Тамаша өлеңдері, пьесалары мен прозасының арқасында Аманжол Шамкеновтың есімі тарихта мәңгілікке қалады», - деп атап өтті жоғары мектеп халықаралық ғылымдар академиясының академигі, ҚазҰУ профессоры Тұрсынбек Кәкішев.
Жаңа басылымның тұсаукесеріне ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері, павлодарлық жазушылар мен ақындар қатысты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін