Павлодар мемлекеттік университетінде Жәния Әубәкірованың шығармашылық кездесуі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар мемлекеттік университетінде Жәния Әубәкірованың шығармашылық кездесуі өтті

Павлодар мемлекеттік университетінде Жәния Әубәкірованың шығармашылық кездесуі өтті

Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары үшін көрнекті пианист әйел, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ПМУ-нің құрметті профессоры Жәния Әубәкіровамен кездесу үлкен мәдени оқиғаға айналды.

  • 30 Қазан 2012
  • 312
Фото - Caravan.kz

ЖОО-ның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол оңтүстік астанадан өзінің тәрбиеленушілерін — вокалшылардың шығармашылық ұжымдары мен студенттік симфониялық оркестрін әкелді.

Әлемдік деңгейдегі музыканттың қатысуымен өткен концерт павлодарлық жастарға үлкен әсер тигізді.

Көрермендер классикалық туындылар мен халық әуендерін орындаған жас әртістердің өнерін жылы қабылдады.

Консерватория оркестрі мен Жәния Әубәкірованың тағы бірп концерті қалалық Мәдениет орталығында да үлкен табыспен өтті. Қонақтар павлодарлықтарға жоғары музыкалық өнермен өрілген тамаша кездесуді сыйлады.

Соңғы жаңалықтар