ЖОО-ның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол оңтүстік астанадан өзінің тәрбиеленушілерін - вокалшылардың шығармашылық ұжымдары мен студенттік симфониялық оркестрін әкелді.
Әлемдік деңгейдегі музыканттың қатысуымен өткен концерт павлодарлық жастарға үлкен әсер тигізді.
Көрермендер классикалық туындылар мен халық әуендерін орындаған жас әртістердің өнерін жылы қабылдады.
Консерватория оркестрі мен Жәния Әубәкірованың тағы бірп концерті қалалық Мәдениет орталығында да үлкен табыспен өтті. Қонақтар павлодарлықтарға жоғары музыкалық өнермен өрілген тамаша кездесуді сыйлады.