Жарияланды: 490

Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры «онлайн» режимде жауап берді

Павлодарда өткен аптада «онлайн» режимде интернет-конференция өтті.

Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын облыстық газеттер пен «Аймақ айнасы» порталы оқырмандарының сауалдарына жауап берді. Оқырман сауалдарының басым бөлігі университетке оқуға түсу және оқу, студенттерге жатақхана беру және оқу ақысы мәселелеріне қатысты болды. Ректордан мектептер мен кәсіптік лицейлердің түлектері, талапкерлердің ата-аналары, жоғары оқу орнында оқытушы болғысы келетіндер ақыл-кеңес сұрады. Университеттің жоспарына да тоқталған Ерлан Арын «келесі жылы үлкен студенттік кампустың, инновациялық жобалар жүзеге асырылатын технологиялық парктің құрылысы жоспарланып отырғанын» хабарлады. Ректор сонымен қатар, университет жанынан білім беру орталықтарын ашу жоспарымен таныстырды. Оның бірі - эмбрионалдық трансплантология бойынша қазақстан-герман жобасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін