Павлодар мұнай химия зауыты жоспарлы жөндеуден өту үшін жұмысын тоқтатуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар мұнай химия зауыты жоспарлы жөндеуден өту үшін жұмысын тоқтатуда

Павлодар мұнай химия зауыты жоспарлы жөндеуден өту үшін жұмысын тоқтатуда

"Павлодар мұнай химия зауыты" 25-маусымнан бастап жыл сайынғы жөндеуден өту үшін жұмысын тоқтатады, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

  • 24 Маусым 2011
  • 381
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа қарағанда, жөндеу жұмыстары үшін шамамен 6 млрд теңге жұмсалмақ.

«Күрделі жөндеу жұмыстары шеңберінде тозығы жеткен техникалық жабдықтарды ауыстыру көзделген», деп атап өтті зауыттың баспасөз қызметінен.
Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде сондай-ақ техникалық қондырғыларды сапалы айналма сумен қамтамасыз ету проблемасы да шешімін таппақ.
Техника-экономикалық көрсеткіштерді арттыру және зауытта экологиялық ахуалды арттыру көзделген.
Павлодар мұнай химия зауыты»ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрамына енеді және
1978 жылы салынған. Қазақстанда мұнай өңдеуші үш зауыт бар.

Соңғы жаңалықтар