Ақпарат көзінің хабарлауынша, Павлодар мұнай химиясы зауытының мұнай айдау қондырғысында жексенбі күні 17 сағат 39 минутта өрт шыққан. Оқыс оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі мен зауыттың өрт қауіпсіздігі бөлімшелері шоғырландырылды. Жалын бір сағатқа жетпей ауыздықталды.
Өрттің шығуына жоғары қысымды насос білігінің нығыздаушысы босап кету салдарынан шығып жатқан жанармай өзіндігінен тұтанып кетуі себеп болған.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, өрт технологиялық процеске әсер еткен жоқ. Қазір шығын клемі есептелуде.
Осындай оқиға зауытта 1994-жылы да болған. Ол кезде тілсіз жау үш тәулікте әзер ауыздықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті