Павлодар облыстық кеденшілер жыл соңына дейін мемлекеттік бюджетке 8 млрд. теңгеден астам қаржы өндіріп алуды жоспарлап отыр - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облыстық кеденшілер жыл соңына дейін мемлекеттік бюджетке 8 млрд. теңгеден астам қаржы өндіріп алуды жоспарлап отыр

Павлодар облыстық кеденшілер жыл соңына дейін мемлекеттік бюджетке 8 млрд. теңгеден астам қаржы өндіріп алуды жоспарлап отыр

Павлодар облыстық кеденшілер жыл соңына дейін мемлекеттік бюджетке 8 млрд. теңгеден астам қаржы өндіріп алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Павлодар облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Тілеген Сунтаев баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2003
  • 441
Фото - Caravan.kz

2003-жылдың қаңтар-қараша айларында кеденшілер бюджетке 7,6 млрд. теңге өндіріп алды, бұл өткен жылғы осы мерзімдегіден 2 млрд. теңгеге артық.

Кедендік төлемдер мен салықтардың 60 процентін «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС , «АЕS Екібастұз» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты тәрізді облыстағы ірі кәсіпорындар қамтамасыз етуде. Тұтастай алғанда Павлодар облысында сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушы 7772 компания тіркелген, олардың 14 проценті заңды тұлғалар, 86 проценті жеке тұлғалар.
Жалпы алғанда, департамент бастығының айтуынша, кедендік алымдардың жыл сайынғы өсімі тауар айналымының өсуі есебінен емес, шекарадан өтетін тауарларға қойылатын бақылауды күшейту есебінен қамтамасыз етіліп отыр. «Адамдар өздері алып өтетін тауарды жасырмай жиі көрсететін болды»,- дейді ол.
Сондай-ақ, жыл басынан бері облыстық кеденшілер контрабандаға қатысты 54 қылмыстың бетін ашып, барлығы 42 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде экономикалық контрабанда бойынша 17 іс, есірткі контрабандасы бойынша 18 іс қозғалды.
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 43 килодан аса есірткі шығарылды. Атап айтсақ, биыл кеденшілер ең жоғары көлемдегі есірткі партиясын шекараның Новосібір бөлігінде ұстады. РФ азаматынан 2 килодан астам героин мен 10 кило шикі апиын тәркіленді.
Қазақстан-Ресей шекарасының Павлодарлық бөлігінің ұзындығы шашамен 800 шақырымды құрайды. Мұнда 7 шекаралық және 4 ішкі кеден бекеті жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар