Павлодар облыстық соты бір шаруа қожалығының қожайынын өлтірген кісі өлтіргішті 24 жылға кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облыстық соты бір шаруа қожалығының қожайынын өлтірген кісі өлтіргішті 24 жылға кесті

Павлодар облыстық соты бір шаруа қожалығының қожайынын өлтірген кісі өлтіргішті 24 жылға кесті

Павлодар облыстық соты Ертіс ауданындағы "Суворовский" ЖШС-нің 68 жастағы директорын өлтірген кісі өлтіргішке үкім кесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық сотының судьясы Рахым Сүлейменов хабарлады.

  • 15 Қыркүйек 2003
  • 437
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 26-наурызында ЖШС директоры Владимир Видикердің отбасы тұратын үйге белгісіз біреу басып кіріп, отбасылық жұпты металл таяқпен соққыға жыққан қылмыскер із жасырып үлгерген болатын. Үйден бағалы заттар мен ақша ұрланған жоқ. Зардап шегушілер ауруханаға жатқызылды. Владимир Видикерге шұғыл операция жасалғанымен ол есін жимастан қаза тапты. Ал оның әйелі тірі қалды.

Сәуір айында қылмысқа күдікті ретінде бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін екі мәрте сотталған, соңғы жазасын ақырына дейін өтемеген Павлодар облысының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицейлердің дәйегіне жүгінсек, күдікті ЖШС директорына жеке бастық жеккөрініш салдарынан қастандық жасаған.
12-қыркүйекте Павлодар облыстық соты қылмыскерді 24 жылға кесіп, дүние-мүлкін тәркілеп, жазаны төтенше тәртіпті колонияда өтеуге үкім шығарды. Сонымен бірге, қылмыскер қаза тапқан адамның отбасына жерлеу және емдеу құны ретінде 706 мың теңге шығынның орнын толтырып беруге тиіс. Екі жақ та бұл үкімге 10 күн ішінде қарсылық білдіре алады.
Облыстық ауылшаруашылығы департаментінен хабарлағанындай, «Суворовский» ЖШС жер өңдеумен айналысатын орташа шаруа қожалықтарының бірі. «Суворовский» ЖШС-нің директоры В.Видикер тәжірибелі шаруашылық қожайыны болған. Ол 1962-жылдан бері «Харьковский » совхозының директоры болып қызмет атқарған. Кезінде ол КСРО Жоғары Кеңесінің депутаттығына сайланған көрінед

Соңғы жаңалықтар