Павлодар облысы 2003-жылы Ресейдің шекаралас екі аймағымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысы 2003-жылы Ресейдің шекаралас екі аймағымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Павлодар облысы 2003-жылы Ресейдің шекаралас екі аймағымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Павлодар облысы 2003-жылы Ресейдің шекаралас екі аймағы - Омбы және Новосібір облыстарымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Желтоқсан 2003
  • 718
Фото - Caravan.kz

Қазір Павлодар облысында «2001-2003-жылдарға арналған Ресейдің шекаралас аймақтарымен экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында Ресейдің Алтай аймағымен ынтымақтастық жөніндегі 2002-2006- жылдарға арналған, Омбы облысымен ынтымақтастық жөніндегі 2003-2005-жылдарға арналған, Новосібір облысымен ынтымақтастық жөніндегі 2003-2007-жылдарға арналған келісімдерге қол қойылды.

«Ресей Федерациясы облыстың саудадағы негізгі әріптесі болып табылады, облыстың жалпы тауар айналымының 72,5 процентін осы ел иемденеді»,- деді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.
Экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту үшін Павлодар облыстық кәсіпорындар Ресей аймақтарында өткізілетін көрмелер мен жәрмеңкелерге өз өнімдерін шығаруда. Мәселен, биылғы жылдың сәуір айында облыстық кәсіпорындардың өкілдері Новосібірде өткізілген «Сібір: экспорт-импорт» атты халықаралық өнеркәсіптік көрмеге қатысты. Шілде айында Омбыда өткен қос мақсатта қолданылатын әскери техникалардың «ВТТВ-Омбы-2003» атты Y Халықаралық көрмесіне Павлодар облысынан 14 кәсіпорын қатысты.
Сондай-ақ, Ақсу ферроқорытпа зауыты маусым айында «Ресей аймақтары — 2003» тақырыбындағы YIII Бүкілресейлік көрме-жәрмеңкеге қатысты.
Тамыз айында Павлодар облысының 12 кәсіпорны Мәскеуде өткен «Қазақстанның Ұлттық көрмесіне» өз өнімдерін апарды. Көрмеге қатысқан «Қазақстан алюминийі» ААҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты», «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС, «Роса» АҚ тәрізді кәсіпорындар 145 шаршы метрге өз экспозицияларын қойды.
Сондай-ақ, Павлодар облысы шекаралас аймақтармен мәдени ынтымақтастықты да өрістетіп отыр. Мәселен, биыл Омбыда Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрының гастрольдері өтті. Ал облыстық Чехов атындағы орыс драма театрының Омбыға жасайтын гастролі желтоқсан айына межеленді.
«Қашар, Шарбақты, Железинский, Ертіс және Лебяжы аудандары Ресейдің шекаралас аймақтарында шығармашылық кездесулер мен өз аймақтарының мәдениет күндіктерін өткізді»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Павлодар облысы мен Ресейдің Алтай аймағы, Новосібір және Омбы облыстарымен арадағы шекарасының ұзындығы 784,5 шақырымды құрайды.

Соңғы жаңалықтар