Павлодар облысы әкімінің Наурызды сәуір айында тойлау туралы ұсынысы қызу талқыланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысы әкімінің Наурызды сәуір айында тойлау туралы ұсынысы қызу талқыланып жатыр

Павлодар облысы әкімінің Наурызды сәуір айында тойлау туралы ұсынысы қызу талқыланып жатыр

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов көктемгі күн теңелу мерекесі – Наурыз мейрамын 22 наурызда емес, сәуір айында тойлауды ұсынды. Оның осы ұсынысы қазір әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

  • 20 Ақпан 2017
  • 657
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады. 

"Зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында былтыр осы мейрамды сәуір айында өткізуді ұсынған едім, өйткені 22 наурызда біздің өңірде қысқы ауа райы сақталады, — деді Болат Бақауов халыққа есеп беру жиналысында. – Меніңше, сәуір айы келгенде, өткізетін орынды белгілеп, мерекені бәріміз бірге тойлағанымыз жөн". Өңір басшысының айтуынша, "бұл әзірше ұсыныс қана". "Егер халық қолдаса, осы бағытта жұмыс істейтін боламыз", — деді әкім.

Әлеуметтік желілерде Бақауовтың ұсынысы қызу талқылануда. Қолданушылардың көпшілігі мереке уақытын ауыстыруға болмайды десе, базбіреулер бұл идеяны қолдап жатыр.


Соңғы жаңалықтар